Басты бет
·
Футбол

«Севилья» «Осасунаны» жеңіп, Ла Лигада алтыншы орынға көтерілді

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Ла Лига

Фото: Ла Лига

«Севилья» Испания чемпионатының 10-турының қорытынды матчында «Осасунаны» 2:0 есебімен жеңіп, Ла Лигадағы үш ойындық жеңіссіз сериясын тоқтатты.

Кездесудің 24-минутында испаниялық шабуылшы Исаак Ромеро есеп ашты. Ол француз жартылай қорғаушысы Юссуф Фофананың пасын сәтті пайдаланды.

Екінші таймда «Осасуна» есепті өзгертуге тырысқанымен, алаң иелері басымдығын сақтап қалды. 70-минутта «Севилья» қорғаушысы Хуан Иглесиас қақпа маңдайшасына соққы жасады. Ал 82-минутта Фофананың нәтижелі пасынан кейін португалиялық вингер Фелиш Коррея екінші голды соғып, матчтың қорытынды есебін белгіледі.

Осылайша, Луис Гарсия Пласаның шәкірттері Ла Лигадағы үш матчтан кейін алғаш рет жеңіске жетті. Бұған дейін олар «Барселонаға» (1:3), мадридтік «Реалға» (1:4) есе жіберіп, «Левантемен» (3:3) тең түскен еді.

10-турдан кейін «Севилья» 17 ұпаймен Испания чемпионатының турнирлік кестесінде алтыншы орынға жайғасты. Ал 11 ұпай жинаған «Осасуна» 12-сатыда тұр.

Келесі турда «Севилья» 1 қарашада сырт алаңда «Хетафемен» кездессе, «Осасуна» қонақта «Депортивомен» ойнайды.

«Севилья» «Осасунаны» жеңіп, Ла Лигада алтыншы орынға көтерілді – sport-hub