Шавкат Рахмонов Моралеске қарсы жекпе-жек өткізуі мүмкін

Фото: x_@fightdigitale
Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов (19-0) жартылай орта салмақтағы рейтингтің үшінші сатысында тұрған Майкл Моралеске (19-0) қарсы 2027 жылдың басында жекпе-жек өткізуі мүмкін.
Рахмонов әлеуметтік желіде «19-0 VS 19-0» деген жазуы бар видео жариялады. Сондай-ақ басқа жазбасында 2027 жылды көрсетіп, Моралеспен байланысты «өрмекші» эмодзиін қосты. Agent MMA мәліметінше, жекпе-жек 2027 жылдың қаңтар немесе ақпан айында өтуі мүмкін.
Оған дейін Моралес келесі қарсыластардың бірі ретінде қазақстандық файтердің кандидатурасын өзі атаған.
«Егер сіздердің басқа жоспарларыңыз болса, менің 2027 жылға өз нұсқам бар. Бұл дивизионның соңғы боссым – Шавкат Рахмонов», – деп Моралестің сөзін Championship Rounds келтірді.
Еске салайық, Рахмонов 2024 жылдың желтоқсанынан бері жекпе-жек өткізген жоқ. UFC 310 турнирінде қазақстандық файтер Иэн Мачадо Гэрриді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіп, кәсіби мансабындағы мінсіз көрсеткішін сақтап қалды – 19 жекпе-жекте 19 жеңіс. Оның 18-ін мерзімінен бұрын аяқтаған.
Моралес те жеңіліссіз келеді – 19-0. Эквадорлық файтер соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың 15 қарашасында UFC 322 турнирінде өткізіп, Шон Брэдиді бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.