Шомуродовтың голы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі үздік гол атанды

Фото: FOX Sports
Өзбекстан құрамасының шабуылшысы Элдор Шомуродов 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі ең үздік гол авторы атанды.
FIFA әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі ең әдемі голға арналған жанкүйерлер дауыс беруінің қорытындысын жариялады. Дауыс беру нәтижесінде жеңіс Өзбекстан құрамасының шабуылшысы Элдор Шомуродовқа бұйырды. Оның Конго Демократиялық Республикасына қарсы үшінші турдағы матчта (1:3) соққан голы үздік деп танылды.
Кездесудің 10-минутында Шомуродов айып алаңының сызығы маңында допты қабылдап, қақпашы Лайонель Мпаси-Нзаудың үстінен асырған тамаша соққымен көзге түсті. Жанкүйерлердің дауыс беруінде бұл гол 36 пайыз дауыс жинады.
Айта кетейік, Өзбекстан құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы жарыс жолын К тобында соңғы, төртінші орынмен аяқтады. Команда Колумбиядан (1:3), Португалиядан (0:5) және Конго Демократиялық Республикасынан (1:3) жеңілді.
Еске салайық, Өзбекстан құрамасының әлем чемпионаттары тарихындағы алғашқы голын бұған дейін Колумбияға қарсы кездесуде Аббосбек Файзуллаев соққан болатын.
2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнир 19 шілдеде мәресіне жетеді.