Шотландия – Марокко: 2026 жылғы әлем чемпионаты матчының тікелей трансляциясы

Фото: SFA
Шотландия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының екінші туры аясында Марокко құрамасына қарсы матч өткізеді.
С тобының екінші турындағы кездесу 20 маусым күні Бостон қаласындағы «Джиллетт» стадионында өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен 03:00-де басталады.
Қазақстандық жанкүйерлер матчты «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре алады. Сонымен қатар, кездесудің ең қызықты сәттерін Sport-hub.kz Telegram-арнасында live режимінде бақылауға болады.
Еске салайық, бірінші турдан кейін Шотландия 3 ұпаймен С тобында көш бастап тұр. Марокко мен Бразилияның еншісінде бір ұпайдан бар, олар екінші және үшінші орындарды иеленуде. Ал Гаити құрамасының әзірге ұпайы жоқ.
2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексика елдерінде өтуде. Турнир тарихында алғаш рет 48 құрама қатысуда.