Басты бет
·
Теннис

Швёнтек Бейжіңдегі турнирдің ширек финалына шықты

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Jimmie48

Фото: Jimmie48

Әлемнің тоғызыншы ракеткасы Ига Швёнтек Бейжіңде өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы турнирдің ширек финалына шықты.

Төртінші айналымда польшалық теннисші АҚШ өкілі Ива Йовичті 6:1, 6:3 есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат 35 минутқа созылды. Бұл Швёнтектің турнирдегі үшінші жеңісі.

Матч барысында Швёнтек екі эйс жасап, бір қос қателік жіберді. Ол 12 брейк-пойнттің бесеуін пайдаланды. Ал Йович эйс орындай алмады, бір қос қателікке жол беріп, қарсыласының добын беруін бұзуға берілген үш мүмкіндіктің біреуін жүзеге асырды.

Жартылай финалға шығу үшін Швёнтек Кори Гауфф – Элисе Мертенс кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.

Бейжіңдегі турнирдің қазіргі чемпионы – Аманда Анисимова.