Швеция – Тунис матчының үздік ойыншысы анықталды
Бөлісу

Фото: ФИФА
Швеция құрамасы әлем чемпионаты-2026 алғашқы турында Тунис командасын 5:1 есебімен ойсырата жеңді. Кездесудің үздік ойыншысы ретінде «Ливерпуль» шабуылшысы Александр Исак танылды.
Швед шабуылшысы бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Осылайша ол Швецияның әлем чемпионатын жеңіспен бастауына үлкен үлес қосты.
Бірінші турдан кейін Швеция 3 ұпаймен F тобында көш бастады. Нидерланд пен Жапония 2:2 есебімен тең түсіп, 1 ұпайдан еншіледі. Тунис құрамасының еншісінде ұпай жоқ.
Екінші турда шведтер Нидерландпен, ал Тунис Жапониямен кездеседі. Матчтар 20 және 21 маусымда өтеді.