Шымкенттік клуб Зайнутдиновты қатарына қосқысы келеді

«Динамо» ФК
AmanVIBE мәліметінше, шымкенттік клуб Мәскеудің «Динамосында» ойнайтын футболшыны қатарға қосу мүмкіндігін қарастырып, оның жағдайын бақылауда ұстауда.
Қазір 28 жастағы қазақстандық алаңда бой көрсетіпжүрген жоқ. Зайнутдинов жарақатынан кейін қалпына келу үстінде. Оның соңғы ресми матчы 2025 жылдың 19 қазанында өтті.
Дегенмен футболшыны шымкенттік клубқа ауыстыру үшін күрделі келіссөздер жүргізуге тура келеді. Қазақстандық ойыншының «Динамомен» келісімшарты 2029 жылдың ортасына дейін жарамды.
Зайнутдинов мансабында Қазақстан, Ресей және Түркия чемпионаттарында ойнаған. Атап айтқанда, ол Мәскеудің ЦСКА және Ыстамбұлдың «Бешикташ» клубтарының намысын қорғады.
Ал «Ордабасы» ҚПЛ-2026 маусымындағы өнерін жалғастырып жатыр. 26 турдан кейін шымкенттік команда 61 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап келеді.