Скатов – Димитров: АҚШ ашық чемпионатының іріктеу кезеңі матчының тікелей трансляциясы

Фото: x_@settenisok
Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов (ATP 205) АҚШ ашық чемпионаты-2026 іріктеу кезеңінің екінші айналымында болгариялық Григор Димитровпен (ATP 137) кездеседі.
Матч 26 тамызда Нью-Йоркте өтеді. Кездесудің басталуы Қазақстан уақытымен сағат 21:00-ге жоспарланған. Матчтың тікелей трансляциясын Winline платформасынан көруге болады. Трансляцияны тамашалау үшін сайтта тіркелу қажет.
Іріктеудің бірінші кезеңінде Скатов бельгиялық Жиль Арно Байыны 6:4, 6:2 есебімен жеңсе, Димитров италиялық Лоренцо Джустиноны 6:0, 6:3 есебімен ұтты. Бұл кездесудің жеңімпазы іріктеудің финалдық кезеңіне жолдама алады.
Айта кетейік, Скатов пен Димитров бұған дейін бір рет кездескен. 2023 жылы болгариялық теннисші Париждегі «Ролан Гаррос» турнирінің бірінші айналымында қазақстандық спортшыдан 6:0, 6:3, 6:2 есебімен басым түскен.