Славко Винчич мансабын аяқтағанын жариялады

Бегасыл Амирбай ··
Фото: x_@Mendirek1899

Фото: x_@Mendirek1899

Словениялық төреші Славко Винчич кәсіби мансабын аяқтағанын жариялады. 46 жастағы төрешінің соңғы ойыны 2026 жылғы әлем чемпионатының финалы болды. Бұл кездесуде Испания құрамасы Аргентина құрамасын 1:0 есебімен жеңді. Жалғыз голды Ферран Торрес соқты.

Әлем чемпионатының финалынан кейін жанкүйерлер тарапынан Винчичке сын айтылып, оны Испания құрамасына бүйрегі бұрды деп айыптағандар болды. Төрешінің өзі бұл пікірлерге түсініктеме берген жоқ.

Еске салсақ, мансабы барысында Винчич Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы және әлем чемпионатының финалдарында төрелік еткен. Сондай-ақ ол 2022 және 2026 жылдардағы әлем чемпионаттарына, 2012, 2016, 2020 және 2024 жылдардағы Еуропа чемпионаттарына төреші ретінде қатысқан.