Сметов жүлдесіз қалды

Бегасыл Амирбай ··
Фото: IJF

Фото: IJF

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Қытайдың Циндао қаласында өтіп жатқан дзюдодан Гран-при кезеңінде қола медаль үшін өткен шешуші белдесуде жеңіліс тапты.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұбаныш кезеңінің финалында Олимпиада чемпионы ресейлік Аюб Блиевке есе жіберді. Белдесу барысында Блиев иппон және юко ұпайларын еншілесе, Сметов бір шидо ескертуін алды.

Осылайша, қазақстандық балуан Париж Олимпиадасынан кейінгі алғашқы турнирінде өз салмақ дәрежесінде бесінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, Гран-при жеңімпаздарына 700 рейтингтік ұпай беріледі. Күміс және қола жүлдегерлерге тиісінше 490 және 350 ұпайдан қосылады.

Еске салайық, жарыс 26–28 маусым аралығында Қытайда өтіп жатыр. Қазақстан құрамасы сапында 19 спортшы өнер көрсетуде.