Соболенко Рыбакинамен бәсекелестігі туралы пікір білдірді

Фото: Getty Images
Әлемнің екінші ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирлерінің алты дүркін чемпионы, Беларусь теннисшісі Арина Соболенко Қазақстан өкілі Елена Рыбакинамен бәсекелестігі туралы пікір білдірді.
Соболенконың айтуынша, Рыбакинамен және басқа да мықты теннисшілермен бәсекелестік оның үнемі дамып, ойын деңгейін көтеруіне көмектеседі.
«Маған біздің бәсекелестігіміз өте ұнайды. Бұл – салауатты бәсекелестік. Менің ойымша, біз басқа теннисшілермен бірге бір-бірімізді жақсара түсуге ынталандырамыз. Спортта сәтсіз кезеңдер болады, ұпай жоғалтып, шешуші матчтарда жеңіліп қалуың мүмкін. Бірақ дәл осындай жағдайлар арқылы тәжірибе жинайсың.
Осы маусымда ауыр жеңілістерден көп нәрсе үйрендім және оларды әрі қарай дамуыма түрткі болатын мотивация ретінде пайдаландым. Ойынымды жақсартудың жаңа жолдарын іздеп, қайтадан шыңға көтерілуге тырыстым. Біздің бәсекелестігіміз маған шынымен ұнайды», – деп келтіреді Соболенконың сөзін испаниялық Punto De Break басылымы.
Ал Елена Рыбакина WTA рейтингінде көш бастап тұр. Қазақстандық теннисшінің еншісінде 9 696 ұпай бар. Алайда ол Бейжіңде өткен WTA-1000 санатындағы турнирдің екінші айналымынан аса алмады. Рыбакина ресейлік Алина Чараеваға үш сетте 6:3, 4:6, 3:6 есебімен жол берді.