Басты бет
·
Теннис

Циципас Фрицті жеңіп, Шанхайдағы «Мастерс» турнирінің 1/8 финалына шықты

Бекарыс Әлімхан··
Фото: x_@AvantageTennis_

Фото: x_@AvantageTennis_

Грекиялық теннисші Стефанос Циципас Шанхайда өтіп жатқан ATP-1000 санатындағы турнирдің төртінші айналымына шықты. Ол америкалық Тейлор Фрицті жеңді.

Кездесу 2 сағат 15 минутқа созылып, 3:6, 7:5, 6:3 есебімен аяқталды. Циципас алғашқы сетте жеңілгенімен, кейінгі екі партияда басым түсіп, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Матч барысында грек теннисшісі 15 эйс жасап, екі рет қос қателік жіберді және брейк-пойнт мүмкіндіктерінің сегізінің екеуін пайдаланды. Ал Фриц 23 эйс орындап, төрт рет қос қателік жіберді. Америкалық теннисші тоғыз брейк-пойнттың біреуін ғана жүзеге асырды.

Бұған дейін Циципас италиялық Лучано Дардериді 6:3, 6:4 есебімен жеңген болатын. Енді ол 1/8 финалда ресейлік Даниил Медведев пен чехиялық Далибор Сврчинаның арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.

Айта кетейік, Шанхайдағы «Мастерс» турнирі 7-18 қазан аралығында хард төсенішінде өтеді. Жарыстың жалпы жүлде қоры 9,4 миллион доллардан асады.

Циципас Фрицті жеңіп, Шанхайдағы «Мастерс» турнирінің 1/8 финалына шықты – sport-hub