Соболенко US Open турнирінде ресейлік теннисшіні ойсырата жеңді

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Jimmie48

Фото: Jimmie48

Әлемнің бірінші ракеткасы, беларусьтік Арина Соболенко US Open-2026 турнирінің екінші айналымында ресейлік Полина Яценконы (WTA 160) 6:1, 6:1 есебімен жеңді.

Кездесу 53 минутқа созылды. Соболенко үш эйс жасап, екі рет қосарланған қателік жіберді және сегіз брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Ал Яценко бірде-бір эйс орындай алмады, төрт рет қосарланған қателікке жол беріп, қарсыласының сервисін бұзуға берілген жалғыз мүмкіндігін пайдаланды.

Үшінші айналымда Соболенко Өзбекстан атынан өнер көрсететін Камилла Рахимовамен кездеседі. Беларусьте теннисші бұған дейінгі үш кездесудің барлығында жеңіске жеткен. Соңғы рет олар 2025 жылғы «Ролан Гаррос» турнирінде кездесіп, Соболенко 6:1, 6:0 есебімен жеңген. Бұған дейін Соболенко Рахимованы 2023 жылғы «Ролан Гаррос» пен 2024 жылы Вашингтондағы турнирде де ұтқан.

Соболенко – US Open турнирінің қазіргі екі дүркін чемпионы. Нью-Йорктегі әйелдер арасындағы жарыс 12 қыркүйекте аяқталады.

Соболенко US Open турнирінде ресейлік теннисшіні ойсырата жеңді – sport-hub