Басты бет
·
Қысқы ойындар

Софья Самоделкина Алматыдағы турнирде үздік үштікке енді

Бекарыс Әлімхан··
ҚР ҰОК

ҚР ҰОК

Қазақстан құрамасының өкілі Софья Самоделкина Алматыда өтіп жатқан Денис Тен мемориалы халықаралық турнирінің қысқа бағдарламасында үшінші нәтиже көрсетті.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы өнер көрсету қорытындысы бойынша 69,45 ұпай жинады. Оның 37,06 ұпайы техникалық элементтер үшін, ал 32,39 ұпайы бағдарлама компоненттері үшін берілді. Самоделкина жарыс көшбасшысынан 7,94 ұпайға қалып келеді.

Бірінші орында бейтарап мәртебеде өнер көрсететін Александра Игнатова (77,39 ұпай) тұр. Екінші орынға Оңтүстік Корея өкілі Юджае Ким (75,99 ұпай) жайғасты.

Қазақстанның тағы бес спортшысы үздік ондыққа кіре алмады. Нурия Сүлеймен 44,88 ұпаймен 13-орынға, Алика Халимова 44,68 ұпаймен 14-орынға, Амира Ирматова 42,03 ұпаймен 16-орынға, Зере Сарбалина 41,92 ұпаймен 17-орынға, ал Амина Алексеева 32,68 ұпаймен 19-орынға тұрақтады.

Әйелдер арасындағы еркін бағдарлама 9 қазанда Алматы уақытымен сағат 19:30-да басталады. Денис Тен мемориалы «Халық Арена» мұз айдынында өтіп жатыр және ISU Challenger Series сериясына кіреді.

Софья Самоделкина Алматыдағы турнирде үздік үштікке енді – sport-hub