Соня Жиенбаева ITF турнирінің ширек финалында жарыс жолын аяқтады

Бегасыл Амирбай ··
Фото: Pepperdine Athletics

Фото: Pepperdine Athletics

Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Қытайдың Үнин қаласында өткен ITF W100 турниріндегі өнерін аяқтады. Ол ширек финалда жергілікті қарсыласына 0:6, 6:3, 1:6 есебімен есе жіберді.

Жартылай финалға шығу үшін әлемнің 902-ракеткасы қытайлық Хуан Юйцзямен (WTA рейтингінде 620-орын) кездесті.

Матч 1 сағат 42 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде қазақстандық спортшы бес брейк-пойнтты жүзеге асырды, бірақ өз геймінде тоғыз рет ұтылып қалды.

Айта кетейік, Соня Жиенбаева жекелей сында ITF турнирлерінің жеті дүркін жеңімпазы. Қазіргі уақытта ол WTA әлемдік рейтингінде 902-орында тұр.