Соня Жиенбаева қатарынан жетінші жеңісіне жетіп, Испаниядағы турнирдің ширек финалына шықты

ҚТФ
Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Испанияның Виго қаласында өтіп жатқан ITF W35 турниріндегі сәтті өнерін жалғастыруда. 1/8 финалда 20 жастағы спортшы ресейлік Екатерина Яшинаны жеңіп, ширек финалға жолдама алды.
Кездесу оңай болған жоқ. Бірінші сетте Қазақстан өкілі 6:2 есебімен жеңіске жетті. Алайда екінші партияда Яшина бастаманы өз қолына алып, дәл сондай есеппен жауап қайтарды - 2:6.
Барлығы үшінші сетте шешілді. Жиенбаева шешуші сәтте жинақылық танытып, матчты жеңіспен аяқтады - 6:3. Теннисшілер кортта 1 сағат 42 минут өткізді.
ITF W35. Виго (Испания). 1/8 финал
Соня Жиенбаева - Екатерина Яшина - 6:2, 2:6, 6:3.
Яшинаны жеңу Жиенбаева үшін жекелей сындағы қатарынан жетінші жеңіс болды. Қазақстандық теннисшінің жеңісті сериясы өткен аптада Оренседе басталған. Сол жерде ол ITF W75 санатындағы турнирде чемпион атанған еді.
Виго қаласында Соня жарысты сенімді жеңіспен бастады. Бірінші айналымда ол турнирдің үшінші ракеткасы, чехиялық Джули Струплованы екі сетте - 6:3, 6:4 есебімен ұтты.
Жартылай финалға шығу үшін Жиенбаева Дарья Хомутянская мен Франция өкілі Тифани Лемэтр арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.
Сондай-ақ Соняның Виго төріндегі өнері жұптық сында да жалғасуда. Қазақстандық теннисші жекелей сында жеңген Екатерина Яшинемен бірге жұптық жарыстың ширек финалына дейін жетті.
Виго қаласындағы ITF W35 турнирі 10-16 тамыз аралығында өтуде.