Соня Жиенбаева Қытайдағы ITF W50 турнирінің ширек финалына шықты

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ҚТФ

Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Қытайда өтіп жатқан ITF W50 Wuning турниріндегі сәтті нәтиесін жалғастыра түсуде.

Екінші айналымда WTA рейтиңінде 1037-орында тұрған Жиенбаева ресейлік Варвара Паншинамен (WTA №371) кездесті.

Алғашқы сет ресейлік теннисшінің пайдасына 6:3 есебімен аяқталды. Алайда кейін қазақстандық спортшы матч барысын өз пайдасына өзгертіп, келесі екі партияда да жеңіске жетті — 6:3, 6:4.

Келесі кезеңде қазақстандық теннисшінің қарсыласы әлемдік рейтингте 306-орында тұрған жапониялық Рина Сайго болады.