«Спортингтің» шабуылшысы Тринкау «Әл-Ахлиге» ауысты

Фото: «Әл-Ахли» ФК
«Әл-Ахли» клубы Португалия құрамасының шабуылшысы Франсишку Тринкаудың «Спортингтен» ауысқанын ресми түрде жариялады.
Португалиялық шабуылшы мансабын Сауд Арабиясының «Әл-Ахли» клубында жалғастырады. Тараптар 2030 жылдың 30 маусымына дейінгі келісімшартқа қол қойды.
26 жастағы футболшы «Спортинг» сапында 2023 жылдың шілде айынан бері өнер көрсетіп келді. Өткен маусымда ол барлық турнирде 54 матч өткізіп, 13 гол соғып, 18 нәтижелі пас берді. Transfermarkt мәліметіне сәйкес, трансфер құны 40 миллион еуроны құрады.
2026 жылғы әлем чемпионатында Тринкау тек бір матчқа қатысып, Өзбекстан құрамасына қарсы ойында (5:0) алаңға шықты. Португалия құрамасы турнирді 1/8 финалда Испаниядан 0:1 есебімен жеңіліп, аяқтады.
Айта кетейік, Тринкау әр жылдары Португалияның «Брага», Испанияның «Барселона» және Англияның «Вулверхэмптон» клубтарының намысын қорғаған. Ол «Спортинг» сапында екі мәрте Португалия чемпионы атанып, «Брагамен» Португалия лигасы кубогын және «Барселонамен» Испания кубогын жеңіп алған.