Басты бет
·
Теннис

Свитолина Ухань турнирінің ширек финалына шықты

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Jimmie48

Фото: Jimmie48

Украиналық теннисші Элина Свитолина Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Свитолина үшінші айналымда Қытай өкілі Ханьюй Гоны 6:1, 6:4 есебімен жеңді.

Ухань. WTA 1000 турнирі. 1/8 финал

Элина Свитолина (Украина) – Ханьюй Го (Қытай) – 6:1, 6:4.

Матч барысында украиналық теннисші екі эйс жасап, төрт рет қос қателікке жол берді. Ол 16 брейк-пойнттың жетеуін сәтті пайдаланды. Ал Го бір эйс жасап, үш рет қос қателік жіберді және жеті брейк-пойнттың үшеуін жүзеге асырды.

Бұған дейін Свитолина үшінші айналымға шығу үшін ресейлік Людмила Самсонованы 6:2, 5:7, 6:2 есебімен жеңген еді. Ал Го румыниялық Сорана Кырстяны үш матчболын қайтарып, 1:6, 7:6, 7:5 есебімен ұтқан болатын.

Жартылай финалға шығу үшін Свитолина италиялық Жасмин Паолини мен британиялық Сонай Картал арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі. Паолини чехиялық Никола Бартункованы 7:6, 6:3 есебімен жеңсе, Картал швейцариялық Белинда Бенчичтен 6:0, 7:5 есебімен басым түсті.