Басты бет
·
Теннис

Диана Шнайдер Уханьдағы WTA-1000 турнирінің ширек финалына шықты

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Jimmie48

Фото: Jimmie48

Ресейлік теннисші Диана Шнайдер Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан WTA-1000 турнирінің ширек финалына жолдама алды. Ол үшінші айналымда чехиялық Каролина Муховадан басым түсті.

Ухань. WTA-1000 турнирі. 1/8 финал

Диана Шнайдер (Ресей) – Каролина Мухова (Чехия) – 7:5, 6:3.

Кездесу 1 сағат 54 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Шнайдер бірде-бір эйс жасамай, бес рет қос қателік жіберді. Сондай-ақ қарсыласының добын үш рет қайтарып, брейк жасады. Ал Мухова төрт эйс жасап, төрт рет қос қателікке жол берді және қарсыласының бір геймінде басымдыққа ие болды.

Бұған дейін Диана Шнайдер турнирдің алғашқы екі кезеңінде де жеңіске жетіп, бірде-бір сетте есе жібермеген еді. Алғашқы айналымда ол Ұлыбритания өкілі Кэти Бултерді 6:3, 6:1 есебімен жеңсе, кейін қазақстандық Юлия Путинцеваны 6:2, 6:2 есебімен ұтты.

Шнайдер ширек финалда канадалық Лейла Фернандес пен латвиялық Елена Остапенко арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.