Юлия Путинцева Уханьдағы WTA-1000 турнирінде Диана Шнайдерден жеңілді

Фото: Jimmie48
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы турнирдің 1/8 финалына шыға алмады. Ол жарыстың үшінші айналымында ресейлік Диана Шнайдерге есе жіберді.
Ухань. WTA-1000 турнирі. Әйелдер арасындағы жарыс. 1/16 финал
Юлия Путинцева (Қазақстан) – Диана Шнайдер (Ресей) – 2:6, 2:6.
Кездесу 1 сағат 21 минутқа созылды. Матч барысында Путинцева үш рет қос қателік жіберіп, бірде-бір эйс жасай алмады. Сондай-ақ қарсыласының доп беру кезіндегі жеті мүмкіндігінің үшеуін ғана пайдаланды.
Ал Шнайдер де бірде-бір эйс орындаған жоқ. Ресейлік теннисші бір қос қателік жіберіп, қарсыласының доп беруін тартып алуға берілген 12 мүмкіндіктің жетеуін сәтті жүзеге асырды.
Осылайша, Шнайдер Путинцеваны ресми кездесулерде алғаш рет жеңді. Бұған дейін, 2025 жылдың қаңтарында, Аделаидада өткен WTA-500 турнирінің ширек финалында қазақстандық теннисші ресейлік қарсыласынан 7:6 (7:3), 6:7 (9:11), 6:4 есебімен басым түскен еді.
Енді Шнайдер 1/8 финалда чехиялық Каролина Мухова мен америкалық Кэти Макнелли арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.
Айта кетейік, Уханьдағы WTA-1000 турнирі 12–18 қазан аралығында ашық хард корттарында өтіп жатыр. Жарыстың жүлде қоры 4,08 миллион АҚШ долларын құрайды.