Басты бет
·
Теннис

Элина Свитолина Ухань турнирінің 1/8 финалына шықты

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Jimmie48

Фото: Jimmie48

Украиналық теннисші Элина Свитолина Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан WTA-1000 турнирінің үшінші айналымына жолдама алды. Ол ресейлік Людмила Самсонованы үш сетте жеңді.

Ухань. WTA-1000. 1/16 финал

Элина Свитолина (Украина) – Людмила Самсонова (Ресей) – 6:2, 5:7, 6:2.

Кездесу 2 сағат 10 минутқа созылды. Свитолина алғашқы сетте қарсыласына екі гейм беріп, жеңіске жетті. Екінші партияда Самсонова таразы басын теңестіргенімен, шешуші сетте украиналық теннисші басымдық танытып, матчты өз пайдасына аяқтады.

Ойын барысында Свитолина төрт эйс жасап, жеті рет қос қателік жіберді және сегіз брейк-пойнтты сәтті пайдаланды. Ал Самсонованың еншісінде бес эйс, тоғыз қос қателік және алты жүзеге асқан брейк-пойнт бар.

Осылайша, Свитолина өзара кездесулерде Самсоновадан екінші рет басым түсті. 2026 жылдың маусымында теннисшілер Бад-Хомбургтегі WTA-500 турнирінің екінші айналымында кездескен. Ол кезде де украиналық спортшы үш сетте 3:6, 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жеткен еді.

Енді Свитолина 1/8 финалда америкалық Кэти Волынец пен қытайлық Го Ханьюй арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі. Уханьдағы WTA-1000 турнирі 12-18 қазан аралығында ашық хард корттарында өтеді.