Таунсенд пен Синякова WTA қорытынды турнирінің жартылай финалына шықты

Фото: Getty Images
АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан WTA қорытынды турнирінде жұптық сындағы кезекті кездесу аяқталды.
Америкалық Тейлор Таунсенд пен чехиялық Катержина Синякова испаниялық Кристина Букша және америкалық Николь Меликар-Мартинес жұбына қарсы ойнады.
Кездесудің алғашқы сетінде Таунсенд пен Синякова басымдық танытып, қарсыластарының бірнеше геймінде жеңіске жетті. Нәтижесінде бірінші партияны 6:2 есебімен өз пайдаларына аяқтады.
Екінші сет те америкалық-чехиялық жұптың басымдығымен өтті. Есеп 4:2 болған сәтте Николь Меликар-Мартинес жарақат алып, кездесуді жалғастыра алмады. Осылайша, оның жұбы ойыннан бас тартуға мәжбүр болды.
WTA қорытынды турнирі. Жұптық сайыс. Топтық кезең:
Тейлор Таунсенд / Катержина Синякова – Кристина Букша / Николь Меликар-Мартинес – 6:2, 4:2 (қарсыластардың бас тартуы).
Осы жеңістің арқасында Таунсенд пен Синякова 2026 жылғы WTA қорытынды турнирінің жартылай финалына жолдама алды.