Таусон Сарасуадан бірінші сетте ұтылып, Монтеррейдегі турнирдің екінші кезеңіне өтті

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Jimmie48

Фото: Jimmie48

Әлемнің 42-ракеткасы Клара Таусон Монтеррейде өтіп жатқан WTA-500 турнирінің екінші айналымына шықты. Даниялық теннисші мексикалық Рената Сарасуаны 2:1 (3:6, 6:3, 6:0) есебімен жеңді.

Кездесу 1 сағат 42 минутқа созылды. Таусон алғашқы партияда жеңіліп қалғанымен, екінші сетте ойын барысын өзгертіп, шешуші партияда қарсыласына бірде-бір гейм бермеді.

23 жастағы даниялық теннисші 11 эйс жасап, алты рет қосарланған қателік жіберді. Сондай-ақ брейк-пойнттардың 13 мүмкіндігінің алтауын пайдаланды. Ал Сарасуа бірде-бір эйс жасамады, екі рет қосарланған қателік жіберіп, қарсыласының добын қабылдаудағы бес мүмкіндіктің үшеуін пайдаланды.

Осы жеңістен кейін теннисшілер арасындағы өзара кездесулер есебі теңесті — 1:1. Бұған дейін олар 2024 жылдың қарашасында Билли Джин Кинг кубогының плей-офф кезеңінде кездескен. Сол матчта Сарасуа хард төсемінде жеңіске жеткен.

Екінші айналымда Таусон турнирдің бірінші ракеткасы Екатерина Александровамен (WTA 19) кездеседі. Монтеррейдегі жарыс 23-29 тамыз аралығында өтеді.

Таусон Сарасуадан бірінші сетте ұтылып, Монтеррейдегі турнирдің екінші кезеңіне өтті – sport-hub