Жоао Фонсека жарақатына байланысты US Open-2026 турнирінен бас тартты

Бекарыс Әлімхан··
Фото: x_@atptour

Фото: x_@atptour

Әлемнің 26-ракеткасы Жоао Фонсека іш бұлшықетіндегі жарақатына байланысты US Open-2026 турниріне қатыспайды.

Фонсека медициналық тексеруден өтіп, ем қабылдай бастаған. Алайда ол командасымен бірге АҚШ-тағы турнирге қатыспау туралы шешім қабылдады.

«Тексеруден өтіп, емді бастағаннан кейін толық қалпыма келіп, жоғары деңгейде қайта ойнау үшін маған көбірек уақыт қажет екені белгілі болды. Өкінішке қарай, бұл US Open турнирінде ойнай алмайтынымды білдіреді. Бұл мен үшін оңай шешім болған жоқ, өйткені бұл турнирдің орны ерекше», – деп жазды Фонсека әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бразилиялық теннисші іш бұлшықетіндегі мәселеге Цинциннатидегі «Мастерс» турнирінде тап болды. Ол сол кезде Ботик ван де Зандсхулпты жеңгенімен, үшінші айналымдағы Кристофер О’Коннеллге қарсы матч алдында жарыстан бас тартты.

Өткен маусымда Фонсека US Open турнирінің негізгі кезеңіне алғаш рет қатысып, екінші айналымға дейін жеткен. Ол жерде чехиялық Томаш Махачтан жеңілді.