Басты бет
·
Теннис

Тимофей Скатов Алматыдағы турнирдің алғашқы кезеңінен өте алмады

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Алматыда өтіп жатқан ATP 250 турнирінің алғашқы айналымында жеңіліп қалды.

Әлемдік рейтингте 201-орында тұрған Скатовтың қарсыласы ATP рейтингінде 64-сатыда орналасқан венгриялық Фабиан Марожан болды. Рейтингтегі айырмашылыққа қарамастан, қазақстандық теннисші қарсыласына лайықты қарсылық көрсетті. Алайда кездесудің нәтижесін өзгерте алмады.

Алғашқы сетте Марожан 7:5 есебімен жеңіске жетті. Екінші партияда теннисшілер тай-брейкке дейін жетіп, онда да венгриялық спортшы басым түсті. Матч 7:5, 7:6 есебімен Марожанның пайдасына аяқталды. Кездесу 2 сағат 7 минутқа созылды.

Almaty Open. ATP 250. Ерлер арасындағы жарыс. 1/16 финал

Фабиан Марожан (Венгрия) – Тимофей Скатов (Қазақстан) – 7:5, 7:6

Осылайша, Скатов Марожанмен өткізген үш кездесудің үшеуінде де жеңіліс тапты.

Енді венгриялық теннисші турнирдің екінші айналымында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бубликпен кездеседі.

Тимофей Скатов Алматыдағы турнирдің алғашқы кезеңінен өте алмады – sport-hub