Тимофей Скатов Сеулдегі «Челленджер» турнирінен шығып қалды

Фото: Getty Images
Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өтіп жатқан «Челленджер» сериялы турнирінің алғашқы айналымында жеңіліп қалды. Ол Грекия өкілі Стефанос Сакелларидиске есе жіберді.
Кездесу 2:6, 2:6 есебімен аяқталды.
Сеул. ATP Challenger 125. Ерлер. 1/16 финал
Тимофей Скатов (Қазақстан) – Стефанос Сакелларидис (Грекия) – 2:6, 2:6.
Бұған дейін теннисшілер қазан айының басында Шанхайдағы «Мастерс» турнирінің іріктеу кезеңінде кездескен. Сол жолы Скатов 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жеткен еді. Алайда Сеулде Сакелларидис қарымта қайтарып, өзара кездесулердегі есепті теңестірді.
Қазақстанның тағы бір өкілі Бейбіт Жұқаев та турнирдің алғашқы айналымындағы кездесуін аяқтай алмады. Ол Гонконг теннисшісі Чак Лам Коулман Вонгпен ойында жарақатына немесе басқа себепке байланысты кездесуді мерзімінен бұрын тоқтатты.