«Тобыл» Беларусь құрамасының шабуылшысын қатарға қосуы мүмкін

Бегасыл Амирбай ··
«Локомотив» ФК

«Локомотив» ФК

Қостанайлық «Тобыл» Беларусь құрамасының шабуылшысы Виталий Лисаковичті сапына қосуы мүмкін. 28 жастағы футболшы қазіргі таңда еркін агент мәртебесінде.

Бұл туралы «Ухо» Telegram-арнасы хабарлады. Соңғы клубы «Торпедо-БелАЗ» болған форвард шілде айында келісімшарты аяқталғаннан кейін командадан кеткен.

Әр жылдары Лисакович мәскеулік «Локомотив», қазандық «Рубин», «Балтика», Солигорскінің «Шахтері», хорватиялық «Рудеш» пен «Вараждин», сондай-ақ словениялық «Целе» клубтарында өнер көрсеткен. Беларусь құрамасы сапында 28 матч өткізіп, 7 гол соққан.

ҚПЛ-дың 19 турында «Тобыл» 22 ұпаймен турнир кестесінде сегізінші орында тұр. Сонымен қатар қостанайлық клуб еурокубоктағы жолын жалғастырып жатыр. Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде олар сербиялық «Партизанмен» кездеседі.