«Тобыл» келесі маусымдағы бас бапкерін анықтады

«Тобыл» ФК
Қостанайлық «Тобыл» клубы Мирослав Ромащенкомен ынтымақтастығын жалғастыратынын жариялады.
Клуб басшылығы 2026 жылғы маусымдағы жұмысын ескеріп, маманды бас бапкер қызметінде қалдыру туралы шешім қабылдады.
Ромащенко команданы сәуір айында ҚПЛ турнирлік кестесінде 15-орында тұрған кезде қабылдады. Бірнеше ай ішінде оның жетекшілігімен қостанайлық ұжым жағдайын түзеп, жетінші сатыға көтерілді.
«Тобыл» жаңа бапкердің басшылығымен жалпы 29 ресми матч өткізді. Оның 14-інде жеңіске жетіп, төртеуінде тең түсті, ал 11 кездесуде жеңіліс тапты.
Қазақстанға келмей тұрып Ромащенко Ресейдің «Томь», «Ахмат» және «Урал» клубтарын жаттықтырған. Сондай-ақ ол Станислав Черчесовтің Ресей құрамасындағы, Варшаваның «Легиясы» мен Венгрияның «Ференцварошындағы» бапкерлер штабында жұмыс істеген.
Қазақстан чемпионатының соңғы кездесуін қостанайлықтар 31 қазанда өткізеді. ҚПЛ-дің 26-туры аясында Ромащенко шәкірттері өз алаңында «Ақтөбені» қабылдайды.
Маусым алдындағы соңғы ойынға «Тобыл» 41 ұпаймен жетінші орында келеді.