«Тобыл» – «Партизан» кездесуіне италиялық төрешілер тағайындалды

«Рома» ФК
УЕФА Конференциялар лигасы үшінші іріктеу кезеңіндегі «Тобыл» мен «Партизан» арасындағы қарымта матчқа италиялық төрешілер бригадасын бекітті.
Кездесудің бас төрешісі болып Италия өкілі Даниэле Киффи тағайындалды. Оған қосалқы төрешілер ретінде Джованни Баччини мен Пьетро Деи Джудичи көмектеседі. Төртінші төреші міндетін Даниэле Перенцони атқарады.
VAR жүйесіне Даниэле Патерна жауап береді, оның көмекшісі – Алессандро Пронтера. Төрешілер бригадасының барлық мүшесі Италиядан.
«Тобыл» мен «Партизан» арасындағы қарымта матч 13 тамызда Қостанайда өтеді. Алғашқы кездесуде қазақстандық клуб 0:3 есебімен жеңілген болатын.
Екі матчтың қорытындысы бойынша жеңіске жеткен команда Конференциялар лигасы іріктеу кезеңінің плей-офф сатысына жолдама алып, онда Испанияның «Хетафе» клубымен кездеседі.