Трамп Инфантиноның ФИФА президенті қызметінен кетуіне қарсы шықты

Фото: x_@TouchlineX
АҚШ президенті Дональд Трамп ФИФА президенті Джанни Инфантиноны ұйым басшылығына қатысты сын айтылып жатқан тұста қолдайтынын білдірді. Америка көшбасшысы ФИФА-ға басшысын ауыстырудың қажеті жоқ деп санайды.
Трамп Инфантиноның өткен ӘЧ-2026 кезіндегі жұмысын атап өтті.
«Егер ФИФА қандай да бір себеппен президенті Джанни Инфантиноны ауыстыру мүмкіндігін қарастыратын болса, бұл ұйым үшін үлкен қателік болар еді. Ол керемет жұмыс атқарды. Ол енді ғана алдыңғысымен салыстырғанда төрт есе табысты болған әлем чемпионатын өткізді», – деп Трамптың сөзін The Guardian басылымы келтірді.
АҚШ президентінің бұл мәлімдемесі ФИФА басшылығының әлем чемпионатының коммерциялық құқықтарындағы үлесті жеке инвесторларға сату жобасына байланысты сынға ұшыраған тұста айтылды. Кейін ұйым бұл идеядан бас тартып, кешірім сұрады. УЕФА, КОНКАКАФ және АФК ФИФА басшылығының әрекетін бірлесіп сынға алды.
Айта кетейік, Джанни Инфантино ФИФА-ны 2016 жылдың ақпанынан бері басқарып келеді. Кейін ол 2019 және 2023 жылдары ұйым президенті қызметіне қайта сайланды.