Тухель Англияның әлем чемпионатының ширек финалына шығуын бағалады

Фото: EFF
Англия құрамасының бас бапкері Томас Тухель 2026 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында Мексиканы (3:2) жеңген ойынға пікір білдірді.
Неміс маманы бұл жеңісті алға жасалған қадам деп атады.
«Мен командама өте мақтанамын. Біз бар күшімізді салуға мәжбүр болдық. Бұл керемет қиын матч болды. Әр жолы бастаманы қолға алғандай көрінгенде, жаңа қиындықтар туындап отырды. Нағыз мінез деген – осы. Қиын кезде команда берілмейді және сенімін жоғалтпайды. Бүгін біз тағы бір қадам алға жасадық», – деп Тухельдің сөзін ФИФА келтіреді.
Әлем чемпионатының жартылай финалында Англия құрамасы Норвегиямен кездеседі. Матч 12 шілдеде өтеді және Қазақстан уақытымен 02:00-де басталады.
Топтық кезеңде Англия L тобында бірінші орын алды, ал Норвегия I тобында екінші орынмен плей-офф кезеңіне шықты. 1/8 финалда англиялықтар ДР Конгоны (2:1) жеңсе, норвегиялықтар Бразилияны (2:1) ұтты.
2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады.