Мексика – Англия матчының үздік ойыншысы анықталды

Фото: ФИФА
Англия құрамасының жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалындағы Мексикаға қарсы матчтың үздік ойыншысы атанды.
Мадридтің «Реал» клубының жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем 36-минутта Букайо Саканың пасынан кейін сол жақ бұрышқа дәл соққы жасап, есеп ашты. Екі минуттан кейін Харри Кейн Беллингемге нәтижелі пас беріп, ол дубль авторы атанды. Қорытындысында Англия құрамасы 3:2 есебімен жеңіске жетіп, 2026 жылғы әлем чемпионатының ширек финалына шықты.
Келесі кезеңде ағылшындар Норвегия құрамасымен кездеседі. Матч 12 шілдеде өтеді және Қазақстан уақытымен 02:00-де басталады.
Еске салайық, бұған дейін топтық кезеңде Норвегия I тобында екінші орын алып, плей-оффқа шықса, Англия L тобында бірінші орынды иеленді. 1/16 финалда англиялықтар ДР Конгоны (2:1) жеңсе, норвегиялықтар Кот-д'Ивуарды (2:1) ұтты.
2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады.