UFC ресми түрде Царукян мен Руффи жекпе-жегін жариялады
Бөлісу

Фото: UFC
Армениялық файтер Арман Царукян (23-3) бразилиялық Маурисио Руффимен (14-2) UFC турнирінде кездеседі. Жекпе-жек 20 қыркүйекте Лос-Анджелесте өтеді.
Царукян соңғы рет октагонға 2025 жылдың қарашасында шығып, Жаңа Зеландия өкілі Дэн Хукерді мерзімінен бұрын жеңген болатын. Одан кейін ол Real American Freestyle (RAF) промоушені аясында еркін күрес турнирлеріне қатысты.
Ал Руффи соңғы жекпе-жегін 15 маусым күні Ақ үйде өткен UFC турнирінде өткізді. Сол кезде бразилиялық файтер техникалық нокаутпен америкалық, бұрын титулға үміткер болған Майкл Чендлерді жеңді.