Басты бет
·
MMA/UFC

Умар Нурмагомедов Двалишвилимен болған жанжалдан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Бекарыс Әлімхан··
Фото: x_@MMAFighting

Фото: x_@MMAFighting

UFC ұйымының ресейлік файтері Умар Нурмагомедов Абу-Дабидегі жаппай төбелеске байланысты қамауға алынғаннан кейін БАӘ-ден отанына оралып, алғаш рет мәлімдеме жасады.

Оқиға 11 қарашада Абу-Дабидегі қонақүйлердің бірінде болған. Усман Нурмагомедов пен UFC-дің бұрынғы чемпионы Мераб Двалишвили арасындағы жанжал жаппай төбелеске ұласқан.

Оқиғадан кейін жергілікті құқық қорғау органдары бірнеше адамды, соның ішінде Умар Нурмагомедовті де ұстаған.

«Әр адамның өмір жолында қиындықтар кездеседі. Біздің қандай адам екенімізді сол қиындықтарды қалай еңсеретініміз ғана көрсетеді», – деп жазды Нурмагомедов.

Бұған дейін Абу-Даби соты жанжалға қатысқан сегіз адамды алты айға бас бостандығынан айырып, ақшалай айыппұл салған болатын.

Алайда 17 қарашада БАӘ сот органдары жазаны жеңілдетіп, түрме мерзімін әр сотталған адамға 150 мың дирхам көлеміндегі айыппұлмен алмастырды. Осыдан кейін ұсталғандар бостандыққа шықты.

Еске салайық, тамыз айында Умар Нурмагомедов кәсіби мансабында алғаш рет мерзімінен бұрын жеңіліске ұшырады. Шанхайда өткен UFC турнирінде ресейлік файтер қытайлық Сонг Ядонгтан екінші раундта нокаутпен жеңілген еді.

Умар Нурмагомедов Двалишвилимен болған жанжалдан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады – sport-hub