Унай Симон 2026 жылғы әлем чемпионатының үздік қақпашысы атанды

Бегасыл Амирбай ··
Фото: Ла Лига

Фото: Ла Лига

Испания құрамасының қақпашысы Унай Симон 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының үздік қақпашысы атанып, FIFA-ның «Алтын қолғап» жүлдесін жеңіп алды.

Әлем чемпионатының финалында Испания құрамасы қосымша уақытта Аргентинаны 1:0 есебімен жеңіп, өз тарихында екінші рет әлем чемпионы атанды.

Унай Симон турнир барысында Испания құрамасының барлық сегіз матчында алаңға шығып, небәрі бір ғана гол жіберіп алды. Сондай-ақ тәжірибелі қақпашы әлем чемпионатындағы жеті кездесуде қақпасына гол өткізбей, сенімді ойынымен көзге түсті.

Еске салайық, Испания H тобында бірінші орын алып, плей-офф кезеңінде Аустрияны (3:0), Португалияны (1:0), Бельгияны (2:1), Францияны (2:0) және финалда Аргентинаны (1:0) жеңіп, әлем чемпионы атанды.

Ал команданың турнирдегі үздік сұрмергені Микель Оярсабаль сегіз матчта бес гол соғып, бір нәтижелі пас авторы болды.