US Open-2026: Фродин – Рыбакина матчының тікелей трансляциясы

Фото: Jimmie48
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан US Open-2026 турниріндегі алғашқы матчын өткізеді. Оның бірінші айналымдағы қарсыласы америкалық Теа Фродин болады.
Бірінші айналым матчы 31 тамызда өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 20:00-де басталады. Тікелей трансляцияны Winline платформасынан көруге болады. Көру үшін сайтта тіркелу қажет.
Рыбакина WTA әлемдік рейтингінде екінші орында тұрса, 17 жастағы Фродин 585-сатыда орналасқан. Америкалық теннисші турнирге арнайы шақырту алып, «Үлкен дулыға» жарысының жекелей сындағы негізгі кезеңінде алғаш рет өнер көрсетеді.
Бұған дейін теннисшілер өзара кездескен емес. Матч жеңімпазы екінші айналымда Дарья Видманова (Чехия) – Джессика Бусас Манейро (Испания) жұбының мықтысымен кездеседі.
Рыбакина US Open турнирінде екінші нөмірлі ойыншы ретінде тіркелді. Қазақстандық теннисші мансабында алғаш рет WTA әлемдік рейтингінің көшін бастай алады. Жартылай финалға шығу оған басқа теннисшілердің нәтижесіне қарамастан, әлемнің бірінші ракеткасы атануға кепілдік береді.