Басты бет
·
Бокс

Виктория Графеева Қазақстан чемпионатының финалында камбэк жасап, алтын медаль жеңіп алды

Али Асетов··
ҚБФ

ҚБФ

Таразда өтіп жатқан бокстан Қазақстан чемпионатында алматылық Виктория Графеева 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды.

Финалдық кездесуде ол Жетісу облысының өкілі Анар Тұрсынбекпен жұдырықтасты.

Жекпе-жектің алғашқы раундында Тұрсынбек басымдық танытып, бес төрешінің үшеуі оның жеңісін тіркеді. Алайда Графеева кейінгі екі раундта жағдайды өз пайдасына өзгерте алды.

Екінші және үшінші раундтарда басым түскен Виктория төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті – 5:0.

Осылайша, алматылық боксшы тартысты финалда камбэк жасап, Қазақстан чемпионы атанды.

Айта кетейік, Виктория Графеева 2024 жылғы Азия чемпионы, сондай-ақ әлем чемпионаттарының күміс және қола жүлдегері.

Ал Анар Тұрсынбек 2024 жылы 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алған болатын.

Виктория Графеева Қазақстан чемпионатының финалында камбэк жасап, алтын медаль жеңіп алды – sport-hub