Витинья ӘЧ-2026 матчы алдында Модричке «қайғылы күн» тіледі

Аружан Талгат··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Португалия құрамасының көшбасшысы алдағы 2026 жылғы әлем чемпионаты матчы алдында Лука Модрич туралы күтпеген мәлімдеме жасады.

Португалия құрамасының жартылай қорғаушысы Витинья Хорватия капитаны Лука Модричтің өзі үшін нағыз кумир екенін мойындады. Алайда «Пари Сен-Жермен» клубының ойыншысы алаңда ешқандай жанашырлық болмайтынын да аңғартты.

«Модрич менің кумирім. Мен оған қарсы ойнадым, тіпті жейделерімізді алмастырдық. Бірақ ертеңгі күн ол үшін сәл қайғылы болғанын қалаймын», — деді Витинья.

26 жастағы жартылай қорғаушы Португалия құрамасының негізгі ойыншыларының бірі саналады және осы әлем чемпионатындағы барлық матчтарға қатысқан.

Еске сала кетейік, Португалия құрамасы K тобында екінші орын алды. Роберто Мартинес шәкірттері турнирді Конго Демократиялық Республикасымен тең ойыннан бастады (1:1), кейін Өзбекстанды ірі есеппен жеңді (5:0), ал соңғы турда Колумбиямен тең түсті (0:0).

1/16 финалда португалиялықтар Хорватия құрамасымен кездеседі. Бұл команда да өз тобында екінші орын алып, плей-офф кезеңіне шыққан.

Витинья ӘЧ-2026 матчы алдында Модричке «қайғылы күн» тіледі – sport-hub