Юлиан Брандт мансабын АПЛ-да жалғастырмақ
Бөлісу

«Боруссия» Дортмунд ФК
Дортмундтың «Боруссия» клубының бұрынғы жартылай қорғаушысы Юлиан Брандт мансабын Англия Премьер-лигасында жалғастыруды жоспарлап отыр.
Sky Sports мәліметінше, Брандт өз айналасына АПЛ клубтарының біріне ауысқысы келетінін жеткізген.
30 жастағы футболшы «Боруссиямен» келісімшарты аяқталғаннан кейін клубтан кетіп, қазіргі таңда еркін агент мәртебесінде жүр. Бұған дейін ол Испания, Италия және Германия клубтарының назарына іліккен болатын. Қазір ойыншыға «Тоттенхэм», «Лидс», «Аякс» және «Реал Сосьедад» қызығушылық танытып отыр.
«Боруссия» сапында Брандт 307 матч өткізіп, 57 гол соғып, 70 нәтижелі пас берген. Германия құрамасы сапында 48 ойынға қатысып, үш гол және үш ассист тіркеген.