Юлия Путинцева Гамбургтегі турнирдің екінші айналымына шықты
Бөлісу

Фото: Getty Images
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Гамбургте өтіп жатқан WTA 250 турниріндегі өнерін жалғастыруда. Ол жарысты Германия өкілі Мона Бартельді жеңумен бастады.
Бірінші сетте қазақстандық теннисші айтарлықтай қиындықсыз жеңіске жетті – 6:2. Екінші партияда алаң иесі тартыс көрсете алды, алайда Путинцева ойын барысын өзгертуге мүмкіндік бермей, матчты 7:5 есебімен өз пайдасына аяқтады.
Кездесу 1 сағат 57 минутқа созылды. Осы нәтижеден кейін Юлия турнирдің үздік 16 қатысушысының қатарына енді.
Ширек финалға шығу үшін қазақстандық теннисші Армения атынан өнер көрсететін Элина Аванесян мен нидерландтық Аранча Рус арасындағы матчтың жеңімпазымен ойнайды.