Юлия Путинцева Токиодағы жұптық турнирдің бірінші айналымынан аса алмады

Фото: Jimmie48
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева мен ресейлік Людмила Самсонова Токиода (Жапония) өтіп жатқан WTA-500 санатындағы турнирдің жұптық сынында алғашқы айналымда жеңіліп қалды.
Токио (Жапония). WTA-500. Жұптық разряд. Бірінші айналым
Юлия Путинцева (Қазақстан) / Людмила Самсонова (Ресей) – Чан Хао-Чин (Қытайлық Тайбэй) / Мию Като (Жапония) – 3:6, 1:6.
Кездесу бір сағатқа созылып, тайваньдық-жапониялық жұптың екі сетте жеңісімен аяқталды – 6:3, 6:1. Екінші партияда Путинцева мен Самсонова небәрі бір гейм ұтып, қарсыластарына лайықты қарсылық көрсете алмады.
Матч барысында қазақстандық-ресейлік жұп бірде-бір эйс жасамады, алайда қос қателікке жол берген жоқ. Теннисшілер екі брейк-пойнтты сәтті пайдаланды. Дегенмен өздерінің алты геймінде қарсыластарына брейк жасауға мүмкіндік берді.
Жұптық сындағы жарысты аяқтағанына қарамастан, Юлия Путинцева жекелей сында өнер көрсетуін жалғастырады. Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда грек қызы Мария Саккариді 6:4, 3:6, 6:1 есебімен жеңді.
Путинцеваның келесі қарсыласы – әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина. Қазақстандық теннисшілер 29 қазанда екінші айналымда кездеседі. Жеңімпаз турнирдің ширек финалына жолдама алады.