Жәнібек Әлімханұлы WBO жаңартылған рейтингіндегі орнын білді

Фото: Getty Images
Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) суперорта салмақ дәрежесінің жаңартылған рейтингін жариялады. Жәнібек Әлімханұлы бірден екінші орынға көтерілді. Қазақстандық боксшы тек бұрынғы абсолют әлем чемпионы Сауль Альварестен ғана қалып келеді. Бұл оның жаңа салмақ дәрежесінде ірі жекпе-жектер өткізу мүмкіндігін айтарлықтай арттырады.
Әлімханұлының орта салмақтан 76,2 келіге дейінгі санатқа ауысуы алғашқы нәтижелерін бере бастады. Желтоқсанда аяқталатын дисквалификациясына қарамастан, қазақстандық боксшы үміткерлер арасында ең жоғары орынға ие болып, чемпиондық жекпе-жекке басты кандидаттардың қатарына енді.
WBO нұсқасы бойынша суперорта салмақтағы қазіргі чемпион – британдық Хамза Шираз. Бұған дейін тараптар олардың жекпе-жегін талқылаған, ал қазір бұл айқас қайтадан шынайы мүмкіндікке айналып отыр.
Рейтингтің көшбасшысы – Сауль Альварес. Ол Теренс Кроуфордтан жеңілгеннен кейін әлі рингке оралған жоқ. Оның соңынан Әлімханұлы орналасса, үшінші орынды америкалық Диего Пачеко иеленеді.
Еске салайық, бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы титулдарынан бас тартып, суперорта салмаққа ауысу туралы шешім қабылдаған болатын. Қазақстандық боксшының басты мақсаттарының бірі дивизиондағы ең ірі есімдермен жекпе-жек өткізу.