Жания Бекмұхамбетова Бангкоктағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ҚР ҰОК

Фото: ҚР ҰОК

Жания Бекмұхамбетова Бангкокта өткен WTT Youth Contender турнирінде Қазақстан қоржынына қола медаль салды.

Қазақстандық спортшы U13 жас санатында тұғырдың үшінші сатысына көтерілді.

Турнир барысында Бекмұхамбетова Таиланд өкілі Фаннапат Чингсоньоенді, сингапурлық Чен Этель мен Мао Хлоуды, сондай-ақ жапониялық Асахи Кавагучиді жеңді.

Жартылай финалда қазақстандық спортшы малайзиялық Анг Чжи Юйге 1:3 есебімен есе жіберіп, жарысты қола жүлдемен аяқтады.

Бұған дейін Жания Бекмұхамбетова Ташкентте өткен WTT Youth Contender турнирінің жеңімпазы атанған болатын.

Жания Бекмұхамбетова Бангкоктағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды – sport-hub