Басты бет
·
Теннис

Жания Бекмұхамбетова Венгриядағы халықаралық турнирдің жүлдегері атанды

Али Асетов··
ҚР ҰОК

ҚР ҰОК

Қазақстандық спортшы Жания Бекмұхамбетова Венгрияның Сомбатхей қаласында өткен үстел теннисінен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде қола медаль жеңіп алды.

Қазақстандық спортшы 15 жасқа дейінгі қыздар арасында өнер көрсетті. Жарыс барысында Бекмұхамбетова Венгрия, Молдова, Польша және Румыниядан келген қарсыластарынан басым түсті.

Алайда жартылай финалда қазақстандық спортшы Катар өкіліне есе жіберді. Осылайша, Жания турнирді қола жүлдемен аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін Бекмұхамбетова Италияның Линьяно қаласында өткен WTT Youth Contender турнирінде де көзге түскен еді. Ол U-13 санатында финалға дейін жетіп, күміс медаль иеленді.