Жиенбаева Испанияда сенсация жасап, турнирді жеңіп алды

Aibar Rysdaulet··
Жиенбаева Испанияда сенсация жасап, турнирді жеңіп алды

Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Испанияның Оренсе қаласында өткен W75 турнирінде топ жарып, сенсация жасады.

Финалда ол болгариялық Изабелла Шиниковамен кездесіп, үш сетте жеңіске жетті – 7:6, 3:6, 6:1. Ойын шамамен 1 сағат 51 минутқа созылды, шешуші сетте Соня айқын басым болды.

Айта кетерлігі, Жиенбаева бұл турнирге сеянный ретінде қатыспаған, бірақ соған қарамастан барлық қарсыластарынан өтіп, чемпион атанды.

Жарыс барысында ол Анна Кубарева, Ясмин Каббадж, Алисия Дьюдени және Рина Сайгоны жеңіп, финалда нүктесін қойды.