Зидан Дешамның орнына Франция құрамасының бас бапкері болады

Бегасыл Амирбай ··
Фото: «Реал Мадрид» ФК

Фото: «Реал Мадрид» ФК

Мадридтің «Реал» клубының бұрынғы бас бапкері Зинедин Зидан 2026 жылғы әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін Франция құрамасын тізгіндейді.

Бұл туралы журналист Фабрицио Романо хабарлады. Қазіргі мундиаль аяқталған соң, Зидан ұлттық құрамадан кететінін алдын ала мәлімдеген Дидье Дешамның орнына келеді.

Жартылай финалда Франция құрамасы Испаниядан (0:2) жеңіліп, енді үшінші орын үшін матчта Англия – Аргентина жұбының жеңілген командасымен ойнайды. Кездесу 19 шілдеде Қазақстан уақытымен 02:00-де басталады.

Еске сала кетейік, Зидан бұған дейін «Реал» клубын 2010 жылдан 2020 жылға дейін жаттықтырған. Оның жетекшілігімен команда үш рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды, екі мәрте Испания чемпионы атанды, сондай-ақ УЕФА Суперкубогы мен Испания Суперкубогын екі реттен иеленді.

2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Испания құрамасы Англия – Аргентина жартылай финалдық жұбының жеңімпазымен кездеседі. Матч 20 шілдеде Қазақстан уақытымен 00:00-де өтеді.