Зинедин Зидан Франция құрамасының бас бапкері болып ресми тағайындалды

«Реал Мадрид» ФК
Франция футбол федерациясы Зинедин Зиданның ұлттық құраманың жаңа бас бапкері болып тағайындалғанын ресми түрде жариялады. Тараптар арасындағы келісімшарт 2030 жылға дейін есептелген.
Зидан бұл қызметте бұған дейін Франция құрамасын басқарған Дидье Дешамды алмастырды. Дешам 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін ұлттық құрамадан кететінін бұған дейін мәлімдеген болатын. Әлем чемпионатында француз командасы қола жүлде үшін өткен матчқа дейін жетіп, онда Англия құрамасына 4:6 есебімен жеңілді.
Зидан 2021 жылдан бері жұмыссыз жүрген еді. Бұған дейін француз маманы мадридтік «Реалды» екі рет басқарды (2016-2018 және 2019-2021 жылдар аралығында).
Зиданның жетекшілігімен «Реал» 11 жүлде жеңіп алды: команда үш рет Чемпиондар лигасын, екі реттен Ла Лиганы, Испания Суперкубогын, УЕФА Суперкубогын және клубтар арасындағы әлем чемпионатын иеленді.