Зверев ван де Зандсхулпты ойсырата жеңіп, US Open жартылай финалына шықты

Бекарыс Әлімхан··
Фото: x_@usopen

Фото: x_@usopen

Әлемнің екінші ракеткасы Александр Зверев ATP рейтингінде 70-орында тұрған Ботик ван де Зандсхулпты жеңіп, US Open-2026 турнирінің жартылай финалына жолдама алды.

Кездесу 2 сағат 16 минутқа созылып, неміс теннисшісінің 6:2, 7:5, 6:1 есебіндегі жеңісімен аяқталды.

Зверев сегіз эйс жасап, жеті рет қосарланған қателік жіберді және бес брейк-пойнтты пайдаланды. Ал ван де Зандсхулп жеті эйс жасап, үш рет қосарланған қателікке жол берді.

US Open финалына шығу үшін неміс теннисшісі Карен Хачановпен (ATP 50) кездеседі. Ресейлік спортшы бұған дейін ширек финалда бельгиялық Александр Блоксты жеңген. Блокс матчты жалғастырудан бас тартқан еді.

Айта кетейік, Зверев пен Хачанов кортта тоғыз рет кездесіп, неміс теннисшісі 6:3 есебімен алда келеді. Олардың ең маңызды матчтарының бірі Токиода өткен Олимпиада ойындарының финалында болды. Сол кездесуде Зверев жеңіске жетіп, алтын медаль иеленді.

Зверев US Open финалына екінші рет шығуға талпынып көрмек. 2020 жылы неміс теннисшісі Доминик Тимге қарсы финалда 2:0 есебімен алда тұрған. Алайда бесінші партиядағы тай-брейкте австриялық спортшыға жол берген.