Зверевтен жеңілген Шелтон: «Бұл жеңіліс сөзсіз ауыр тиеді»

Фото: x_@atptour
Бен Шелтон US Open-2026 финалында Александр Зверевтен жеңілгеннен кейін бұл нәтиже оны одан әрі дамуға ынталандыратынын айтты.
Финалдық матч германиялық теннисшінің 6:3, 7:6 (7:2), 5:7, 6:2 есебіндегі жеңісімен аяқталды. 23 жастағы Шелтон үшін бұл мансабындағы «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі алғашқы финал болды.
«Менің көңілім қалса да, мотивациям жоғары. Соңғы екі аптада қалай күрескеніме ризамын және өз дамуымның алға жылжығанына қуаныштымын. Бірақ бұл жеңіліс сөзсіз ауыр тиеді. Енді келесі турнирге дайындалуым керек. Әрі қарай да дамуға тырысамын және Australian Open турнирінде мұндағыдан да жақсы өнер көрсеткім келеді», – деді Шелтон.
Айта кетейік, Зверев «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі екінші титулын жеңіп алды. Германиялық теннисші екі жүлдесін де 2026 жылы иеленді: маусым айында «Ролан Гаррос» чемпионы атанса, кейін алғаш рет US Open турнирінде жеңіске жетті.
2020 жылы Зверев АҚШ ашық чемпионатының финалында да ойнап, Доминик Тимге қарсы кездесуде сеттер бойынша 2:0 есебімен алда тұрған. Алайда австриялық теннисші камбэк жасап, жеңіске жетті. Алты жылдан кейін германиялық спортшы Нью-Йоркте чемпиондық атаққа қол жеткізді.